Мақалада мектептің білім беру ортасын психологиялық-педагогикалық өлшеу және бағалау мәселесінің маңыздылығы ашылады. Автор білім мен тәрбие қай кезеңде, қай қоғамда болса да, ең құнды қасиеттер болып саналады деген идеяны негізге алады. Ұлы педагог К.Д.Ушинскидің пайымдаунша, тәрбиенің ең басты бөлігі – мінезді түзеу болса, адамның мінез-құлқын, психикасын, зейінін зерттей отырып, оны түзеумен, білім мен тәрбиелеу ісін жүргізумен тікелей айналысатын маман – педагог-психологтар. Демек, білім беру ортасын диагностикалау – олардың басты міндеті болмақ. Педагог-психолог маман өз шәкірттерінің бойына білім мен тәрбиені дарыту үшін алдымен олардың ақпаратты қабылдау деңгейін зерделей білуі қажет. Оқушының зейін деңгейін өзінің түрлі әдіс-тәсілдері арқылы толыққанды анықтау –психологиялық-педагогикалық диагностиканың арнайы пәні болып келеді.
БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ӨЛШЕУ МЕН БАҒАЛАУ –ПЕДАГОГИКА және ПСИХОЛОГИЯ БАҒЫТТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
Жарияланған July 2023
165
117
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
білім
оқыту
тәрбие
білім ортасын бағалау мен өлшеу
педагогикалық психология
психологиялық диагностика
оқушы
педагог
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алпысбай Л.А., Дементьева Н.Г., . 2023. БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ӨЛШЕУ МЕН БАҒАЛАУ –ПЕДАГОГИКА және ПСИХОЛОГИЯ БАҒЫТТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 4, 79 (Лип 2023), 126–135. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.013.