ChatGPT секілді жасанды интеллект технологиялар - жазу, редакциялау және зерттеу процестеріне қолдау көрсету арқылы академиялық зерттеулерде төңкеріс жасауға қабілетті. Дегенмен, оның ақпараттағы ықтимал біржақтылық пен дәлсіздіктер, плагиат пен этикалық ойлар сияқты шектеулері ескерілуі қажет. Бұл мақала академиялық зерттеулерде ChatGPT қолдану мүмкіндіктері мен қиындықтары туралы алдын-ала түсінік береді. Құрылымдық жағынан ол үш бөлімге негізделген. Бірінші бөлім ChatGPT-дің зерттеу жұмыстарының жүргізілу барысы мен оның авторлық құқық мәселесін қарастырады. Екінші бөлім әділеттілік, құпиялылық, есеп беру және ашықтық сияқты туындайтын этикалық мәселелер жайлы баяндайды. Үшінші бөлім зерттеушілердің болашақ рөліне және олардың зерттеу қызметінің құндылығын бағалаудың жаңа өлшемдерін анықтауға арналған. Бұл зерттеуде қолданылатын әдістеме LinkedIn зерттеушілерінің көзқарастарын және ChatGPT көмегімен сөйлесу кезінде жиналған ақпаратты сыни тұрғыдан зерттеуді қамтиды. Негізгі қорытынды - жасанды интеллект технологиялары зерттеу процесін ілгерілету мүмкіндігіне ие, сол себепті оны академиялық ортада қабылдау керек. Дегенмен, оң артықшылықтарды толық пайдалану үшін, ықтимал тәуекелдерді азайта отырып, жаңа этикалық нормалар мен бағалау құралдарын енгізу қажет.
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ МЕН АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚИЫЛЫСТЫ ЗЕРТТЕУ: АКАДЕМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ CHATGPT ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫ ТАЛДАУ
Жарияланған April 2023
400
322
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Frigerio A., . 2023. ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ МЕН АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚИЫЛЫСТЫ ЗЕРТТЕУ: АКАДЕМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕ CHATGPT ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 78 (Квіт 2023), 13–19. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.002.