Мақала болашақ музыка мұғалімдерін инклюзивті білім беру процесінде дайындау мәселелеріне арналған. Авторлар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеудің тұжырымдамалық тәсілдерін, кіріктірілген оқыту идеяларын ұсынады және оларды тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын көрсетеді. Болашақ музыка мұғалімінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытумен байланысты қызметі ғылыми пәндердің кең ауқымы бойынша бірқатар арнайы дағдылар мен білімді талап етеді. Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері және оларды табысты жүзеге асыру шарттары нақтыланды. Музыка сабағын ашатын инклюзивті білім берудің келешегі көрсетіліп, болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру үшін қажетті шаралар белгіленді. Болашақ музыка пәні мұғалімдерін инклюзивті білім беру процесінде дайындау қажеттілігі қоғамның рухани жаңғыруына, адами әлеуетін дамытуға, мәдени дәстүрлерді сақтауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ете алатын, интеллектуалды дамыған, шығармашылықпен ойлайтын мұғалімдерді дайындауға, өскелең ұрпақтың толерантты, жоғары адамгершілік-эстетикалық мұраттарын тәрбиелеудің жалпы қажеттілігінен туындап отыр.
Түйін сөздер: инклюзия,инклюзивтік орта, ерекше қажеттілігі бар оқушылар, музыка өнері, болашақ педагог мамандарды даярлау.