Мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі кездесетін тіл кемшілігінің түрі- сөйлеу тілінің жалпы
дамымауы. Мақалада осы тіл кемшілігі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың сөзжасам
дағдыларын қалыптастыру әдістемелерін қолдану ерекшеліктері берілген. Сөйлеу тілі жалпы
дамымаған мектепке дейінгі жастағы балалардың сөзжасам дағдыларын қалыптастыруға арналған
эксперименттік оқыту нәтижелерін талдай келе, мынандай қорытынды жасадық: балаларда
эксперимент барысында сөзжасам түсініктері, білім, білік және ауызша сөйлеу тілінде практикалық
қолдану дағдылары толық қалыптасты. Калыптастырушы экспериментте алынған тапсырмалар осы
балаларда сөйлеу қабілетінің құрамы ретінде, сөзжасам дағдыларының қалыптасқанын сенімді айтуға
мүмкіндік береді.
Мұндай жетістік, сөйлеу тілінің дамымауы кезіндегі жалпы түзете-тәрбиелеу үрдісіндегі ықпал
етудің жалпы тиімділігінің жоғарылауында көрініс тапты.
Қалыптастыру экспериментінің нәтижелерін талдау, сөйлеу тілі жалпыдамымаған мектепке
дейінгі жастағы балалардың сөзжасамын қалыптастыруға, арнайы құрастырылған білім беру
моделінің негізделгендігі мен өнімділігін дәлелдеді. Қалыптастырушы эксперимент, осы моделді
түзете-тәрбиелеп ықпал етудің жалпы жүйесінде қолданғанда жалпы сөйлеу тілі дамымаған
балалардың сөзжасау қабілетін тиімді қалыптастыруға мүмкіндік беретінін көрсетті.
СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗЖАСАМ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған August 2020
71
166
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Г.Б.Ибатова, . 2020. СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗЖАСАМ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 326–331. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.56.