Бұл ғылыми мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік құзіреттілігін
қалыптастырудың теориялық мазмұны қарастырылады. Баланың өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге
асыру үшін барлық жағдайды тудыру, баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына,
тұрақтануына көмек беруде мектепке дейінгі ұйымның рөлі айқындалады. Мектепке дейінгі ұйымда
әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын дара тұлға болып қалыптасуына ықпал ете отырып,
оқыту үрдісі барысында әрбір баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай туғызып білім беруді
ұйымдастыруды қажет етуге назар аударылған. Сондай-ақ, «әлеуметтік», «құзыреттілік», «әлеуметтік
құзыреттілік» ұғымдарына теориялық талдау жасалынған. Талданған ұғымдар нәтижесінде баланың
қоғамдық ортаға белсенді түрде кірігуіне, бейімделуіне, әлеуметтенуіне, яғни, болашақта «әлеуметтік
құзыреттілігі қалыптасқан» тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беретін жаңа мазмұнды әдістемені
жасау мектепке дейінгі білім берудің алдына қойылған міндет екендігі айтылады.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған August 2020
77
145
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
К.М.Метербаева, Ғ.З.Таубаева, . 2020. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 322–326. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.55.