Мақала болашақ мамандарды бастауышта шығармашылық жұмыстарды аудиовизуалды оқу материалдары негізінде ұйымдастыруға даярлауға бағытталып, тиімділігін зерттеу нәтижелеріне сәйкес анықтауға негізделген.
Болашақ мамандарды бастауышта шығармашылық жұмыстарды аудиовизуалды оқу материал-дары негізінде ұйымдастыруға даярлау мәселелері бойынша тақырып мазмұнын ашатын ғылыми еңбектер, мемлекеттік нормативтік құжаттар мен стратегиялық бағдарламалар талданған. Болашақ бастауыш сынып мамандарын даярлау мәселесі, шығармашылық жұмыстарды бастауыш сыныпта тиімді ұйымдастыру, оқу мен оқытуда оқушылардың шығармашылық жұмыстарын аудиовизуалды материалдардың көмегімен жүзеге асырудың тиімділігі қарастырылған.
Сондай-ақ, мақалада ғылыми еңбектерді теориялық саралау нәтижесінде аудиовизуалды материалдардың түрлері, мазмұны және білім алу мен білім берудегі тиімділігі әдістемелік тұрғыдан айқындалған. Бастауыш сынып пәндерін оқытуда аудиовизуалды оқу материалдарын қолдануға бағытталған стратегиялар мен әдістер, сабақта және сабақ тыс уақыттарда болашақ мамандардың аудиовизуалды оқу материалдарын қолдануға дайындалудың жолдары қарастырылған.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, цифрлық технологияларға негізделген аудиовизуалды оқу материалдары арқылы ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстарды жаңартылған білім мазмұны аясында әзірленген оқулықтардағы оқу дағдыларын қалыптастыру кезеңдерінде жүзеге асыру мәселесі қарастырылған.
Ғылыми жаңалығы – болашақ бастауыш сынып мамандарын оқу мен оқытуда шығармашылық жұмыстарды аудиовизуалды оқу материалдары негізінде ұйымдастыруға даярлау мүмкіндіктерін айқындайтын жаңа мазмұнның теориялық және әдістемелік тұрғыдан өзара байланысын қарас-тырудан тұрады.