Креативтілік - бұл әдеттен тыс идеяларды шығаруға және проблемаларды шешуге дайын, қалыптасқан ортақ дәстүрлі жолдардан тыс шығармашылық қабілет. Креативтілік - дарындылықтың тәуелсіз факторларының көрінісі. Креативті ойлау қабілеті білім және ғылым саласындағы жаңа ашылуларға сүйенеді. Ол стереотиптерді бұзады, үйлесімсіз біріктіреді, алгоритмдерге сүйенеді және осы негізде мүлдем жаңа нәрсе жасайды немесе шешілмейтін мәселелерді шешуге ұмтылады. Креативтілікті - шығармашылық процесін ұйымдастырудың технологиясы деп атауға болады.
Бұл мақалада білім алушылардың шығармашылық (креативті) ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдары мен оған әсер етуші бірнеше факторлар қатары ұсынылды. Креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға әсер етуші факторларды талдау және зерттеу арқылы білім алушылардың креативті ойлау мүмкіндігін арттыруға болады. Білім алушылардың креативті ойлауы мен деңгейі және функционалдық сауаттылық сапасын қалыптастыру бойынша пайымдаған шетелдік ғалымдардың зерттеулер нәтижелері талданды және нақты факторлар анықталды, қорытынды берілді. Бұл ғылыми мақаланың мақсаты: білім алушылардың креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру, креативті ойлау деңгейі мен оған әсер етуші нақты факторлар шеңберінде зерттелген ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу, талдау жасай отырып, тұжырымдау.