Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТРАНСВЕРСАЛЬДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланған April 2023

293

310

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақала қазіргі кезеңде кәсіби маман даярлауда ұлттық құндылықтар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамыту мәселесіне арналады. Ғылыми әдебиеттерді зерттеу негізінде трансверсальді дағдыларды дамытудың қазіргі жайына талдау жасалып, ұлттық құндылықтарды қолдану тәжірибесі және перспективалары мен мүмкіндіктері  қарастырылады.  Болашақ бастауыш білім педагогтерінің  ұлттық құндылықтар арқылы ауыспалы және жұмсақ дағдыларды дамытуға деген қызығушылығы жоғары екендігі негізге алынып,  мақалада осы мүмкіндікке сәйкес студенттердің трансверсальді дағдыларын дамыту мәселесінің өзектілігі айқындалады.

 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттерімен жүргізілген «Тұлғаның ұлттық құндылықтар арқылы трансверсальді дағдыларды дамыту туралы түсінігі» атты авторлық сауалнама нәтижелері талданды. Зерттеу нәтижелерінде білім алушылардың ұлттық құндылыққа деген қатынастары мен көзқарастарының оң екендігі  көрінді. Олардың ойынша, трансверсальді дағдыларды: командада жұмыс жасай білуді, проблеманы шеше білуді, креативтілікті, тиімді қарым-қатынасты, сыни ойлауды, көшбасшылықты және т.с.с. дамыту  ұлттық құндылықтарға бағдарланған сапалы білім алуға, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сарсенбаева Г.Х., Жумабаева А.Е., . 2023. ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТРАНСВЕРСАЛЬДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 78 (Квіт 2023), 267–275. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.028.