Авторлар жоғары оқу орындарының дербестігін алу, білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелерінің өзектілігін ашып көрсетеді. Жоғары оқу орны түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қоғамның, жұмыс берушілердің, студенттердің талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын үздіксіз қайта қараудың маңызы зор. Авторлар болашақ бастауыш сынып мұғалімінде тек пәндік құзіреттіліктер ғана емес, сонымен қатар «икемді» дағдылар (soft skills) болуы керек деп санайды. Сонымен қоса, қосымша құзіреттіліктерді қалыптастыру мұғалімге пәндік оқытуды, ата-аналармен жұмыс жасауды, әріптестермен сәтті қарым-қатынасты, өзін-өзі дамытуды, кәсіби және жеке жетістікке жетуді жүзеге асыру үшін қажет. ЖОО-да білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлеу мүмкіндігі болашақ маманды даярлау үшін жауапкершілікті арттырады. Авторлар «Бастауыш мектепте STEM-оқыту» және «Бастауыш мектепте STEAM-тәсілі» сияқты 6В01301 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағытының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» қосымша білім беру бағдарламаларының (Minor) мазмұнын сипаттайды.
УНИВЕРСИТЕТТЕРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚОСЫМША ҚҰЗЫРЕТТІЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Жарияланған April 2023
172
166
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
жоғары білім, білім беру бағдарламасы, қосымша құзыреттілік, болашақ бастауыш сынып мұғалімі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Aгеева Л.Е. , Aгранович Е.Н. . 2023. УНИВЕРСИТЕТТЕРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚОСЫМША ҚҰЗЫРЕТТІЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Квіт 2023), 40–50. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.005.