Мақала Қазақстандағы болашақ педагогтарды кәсіби даярлау сапасын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі ретінде жоғары педагогикалық білім берудің дуальды моделін енгізу қажеттілігін негіздейтін негізгі факторларды талдауға арналған. Мақала ERASMUS+ бағдарламасының №618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP «KAZDUAL – Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» құрылымдық жобасы аясында жазылған. Жоба консорциумына Германия, Австрия, Эстония, Қазақстан жоғары оқу орындары мен колледждері, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, қазақстандық және халықаралық аккредиттеу агенттіктері кіреді.
Бұл мақалада педагогикалық практиканың сұраныстарын ескере отырып, Қазақстан үшін жоғары педагогикалық білім берудің икемді дуальды моделінің жобасын әзірлеуге және мақсаттарын, міндеттерін ашуға ерекше назар аударылған. Бұл талдау дуальды білім берудің үздік әлемдік тәжірибелерін имплементациялау, кәсіптік білім беру теориясы мен практикасын интеграциялау, қазіргі заманғы жоғары оқу орындарында практикаға бағдарланған және студентке бағдарланған тәсілдерді іске асырудың негізгі мәселелерін зерделеу үшін негіз болады.
Мақалада дуальды оқыту моделінің негізгі ережелеріне сәйкес педагогикалық практика негізінде тәлімгерлік институтын ұйымдастырумен және дамытумен, білім беру бағдарламаларын әзірлеу процесіне жұмыс берушілерді тартумен байланысты болашақ педагогтарды кәсіби даярлаудың қазіргі заманғы мәселелеріне, маңызды ғылыми әдістердің бірі ретінде модельдеу ерекшеліктеріне баса назар аударылады.