Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІҢ ӘСЕРІ

Жарияланған February 2023

91

87

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік-психологиялық аспектілердің топтық  психологиялық қасиеттеріне әсер ету арқылы білімгерлердің оқу әрекетінің нәтижелі болуы қарастырылған. Оқу мотивациясының құрылымы өзгерістері, таңдаған мамандыққа тұрақтылық қалыптастырғанда, топтың қызығушылығы мен білімгерлердің қабілеттерін аса басып ескергенде құрылатыны көрсетілген. Оқу әрекетінің нәтижелілігі болашақ мамандыққа қажетті қасиеттерді де қалыптастыратындығы анықталған.

Зерттеудің эмпирикалық базасын І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі педагогика және психология факультетінің студенттері құрады. Барлығы 4 топ, 30 білімгерден жоғары.

Болжамға сәйкес, бірнеше әдістемелерден кешен құралды: бақылау, контент-талдау, аралас сауалнама: мұнда жеке шкала – мамандық таңдау мотивтері, оқу әрекеті мотивтері, болашақ бейнесі, мәселелік алаң; топтың әлеуметтік-психологиялық қасиеттері (шығармашылық, адамгершілік, іскерік), топтың рухани-адамгершілігін анықтайтын және топтың әлеуметтік-құндылық бағытын анықтайтын әдістер болашақ педагогикалық маман иелерінің бойында педагогикалық қабілеттердің дамуына ықпал етіп, оқу нәтижелілігін арттырды.

Мақалада қоғамның дамуына байланысты жаңа заман педагогына қойылатын талаптар мен педагогикалық қабілеттердің болмысына талдау жасалды. Педагогикалық қабілеттерді педагогикалық-психологиялық феномен ретінде, оның негізгі табиғатын, құрылымын, мазмұнын фундаментальді зерттеген қазіргі ресейлік, шетелдік және отандық  мектептердің зерттеушілерінің еңбектері сараланды.  Теориялық және практикалық процесте қабілеттерді үнемі, үздіксіз дамыту алғашқы қасиет құрылымы жекеленген дифференциалды құрылымға айналатындығы негізге алына отырып, педагогикалық қабілеттерді игеру оқытушыға өзінің кәсіби міндеттерін біліктілік тұрғысында жүзеге асатындығына тұжырым жасалды.

Әлеуметтік-психологиялық аспектілерді ескере отырып, білімгерлердің оқу әрекеті нәтижелендірілсе, болашақ педагогтардың педагогикалық қабілеттерін дамытуға мол мүмкіндік ашылатыны, алынған зерттеулерден көрініс табады. Білімгерлердің әлеуметтік-психологиялық дамуының жоғарылауы, олардың әлеуметтік маңызы бар саласына енуі мен біріккен әрекет технологиясын қолдану барысында іске асады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шакирова А.Д., Сейтенова С.С., Шакирова Н.Д., . 2023. БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІҢ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Лют 2023), 164–175. DOI:https://doi.org/10.51889/9974.2022.39.35.017.