Мақалада шетелдік студенттердің Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға бейімделуінің мәселелері қарастырылады. Авторлар әлеуметтік сауалнама арқылы шетелдік студенттердің өмірлік іс-әрекеттерінің негізгі проблемалық бағыттарын анықтаған. "GoogleForms" онлайн сауалнама жүйесін қолдана отырып, мақала авторлары қолданбалы бағдарламалық құралды пайдаланып, практикалық экспериментті инновациялық еткен.
Мақалада отандық ғалымдардың да, алыс және жақын шетелдердің ғалымдарының да мәселе бойынша ой-пікірлеріне ғылыми әдеби талдау ұсынылған. Эмпирикалық эксперименттің нәтижелеріне математикалық өңдеу жасалып, анықталған нәтижелердің пайыздық деңгейікөрсетілген. Авторлар шетелдік студенттердің отандық жоғары оқу орындарында білім алуының маңыздылығы мен оң әсерін атап көрсеткен. Сонымен қатар, Қазақстанның білім беру кеңістігінде басқа мемлекеттерден келген студенттердің болуының инклюзивті сипаты талданған.
Зерттеу нәтижелері бойынша негізгі проблемалардың бірі болып -шетелдік студенттерге студенттік, әлеуметтік өмірге толық интеграциялануға мүмкіндік бермейтін тілдік кедергі қарастырылады. Шетелдік білім алушылардың отандық жоғары оқу орындарында табысты бейімделуін қамтамасыз ету үшін осы студенттерге инклюзивті қолдау көрсету моделін әзірлеу ұсынылады.