Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған April 2023

133

164

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университет
Аңдатпа

Мақалада әдебиетті оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі мен педагогикалық аспектілері сөз болады. Инновациялық оқыту – педагогикалық ізденіске, оқу процесінің өнімділігін арттыруға негізделген жоба. Ол – оқытудың маңызды аспектілерін жетілдіру, оқу процесін оңтайландыру, білімді тереңдету және таным әрекетін белсенді ұйымдастырудың ұтымды формасы. Болашақ мамандарға жан-жақты сапалы білім беру, кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін жаңа инновациялық технологияларды меңгерту – оқытушылардың алдында тұрған көкейкесті мәселе және ізденіс арнасы. Өз пәнін оқыту тәжірибесімен бөліскен оқытушы студент белсенділігін арттыру, материалды меңгертудегі әдіс-тәсілдерді студенттермен біріге отырып таңдау және белсенді жұмыс ортасын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталады. Инновациялық технология ерекшеліктері мен студенттердің шығармашылық ізденісін дамыту бағытында жасалған жұмыс нәтижелері туралы ой бөліседі. Автор студент еркіндігі мен шығармашылығына, өзіндік таңдауына мүмкіндік беру және технологияны қолдануда білім деңгейіне қарай өзгертіп, жаңарта пайдаланудың жұмыс нәтижелілігі үшін қаншалықты тиімді болатынына тоқталады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Айтенова Д.О., Базарбекова Н.Ш., . 2023. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Квіт 2023), 133–139. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.014.