Ұтқырлық жеке тұлғаның, біздің мақаламызда студенттердің ортаның өзгермелі жағдайларына
жедел бейімделуіне мүмкіндік туғызуда меңгеретін сапа-қасиеті ретінде, әлеуметтік белсенділігін
және мансаптық өсуіне талпынысын қалыптастыратын үдеріс ретінде қарастырылады. Сондықтан,
мобильділік әрбір студенттің динамикалық дамып келе жатқан әлемнің шақыруына жеке жауабын
сипаттайды, онда ол өз айналасын таңдап, шығармашылықпен түрлендіре отырып, психологиялық
икемділік пен қабілеттілікке ие болуы тиіс. Бұл мақалада қашықтықтан оқыту жағдайында
студенттердің ұтқырлығын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Қашықтықтан оқытудың
өзектілігі осы бағдарламаның мобильдігімен әрбір студенттің жас, физикалық немесе географиялық
шектеулеріне қарамастан, ақпарат көздеріне, білім базасына, әдебиеттерге қол жеткізе алуымен
сипатталады. Қашықтықтан оқыту - заманауи әлемнің технологиялары – өтетін студент пен оқытушы
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, мұнда оқыту үдерісі корпоративтік желіде,
Интернет желісі бойынша, сондай-ақ телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен,
аудиториядағы сабақтардың орнына – онлайн-семинарлар мен бейнеконференциялар жүргізілуі,
жүздесе отырып берілетін ақыл-кеңестің орнына - оқытушымен E-mail, Zoom, Microsoft Teams, Skype
және білім беру платформалары арқылы қарым-қатынас жасауы. Демек, қашықтықтан оқыту XXI
ғасырдың білім беру ортасы, білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара және оқыту үдерісіндегі
жүйемен жедел қарым-қатынас ортасы болып табылады.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған August 2020
90
109
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Г.С.Саудабаева, Г.К.Шолпанқұлова, . 2020. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 106–112. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.18.