Мақалада болашақ шет тілі мұғалімдеріне шет тілін оқыту үдерісінде аналитикалық-ситуациялық технологияларды қолдану мәселелері қарастырылады. Оның өзектілігі әлемдегі жаһандық өзгерістерге байланысты. Авторлар студенттердің болашақ кәсіби қызметінің мәселелерін шешуге бағытталған ситуацияларды талдай білу, таңдау және дамыту студенттердің лингвистикалық, коммуникативтік және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететініне назар аударады. Аналитикалық-ситуациялық технологиялардың концептуалды негіздері анықталып, мақсаттары мен мазмұны көрсетіледі. Оларды әртүрлі әдістерге сүйене отырып жүзеге асыру аналитикалық ойлауды жетілдіруге ықпал етеді. Мақалада командалық жұмыс бойынша орындалатын жағдайларға мысалдар келтірілген. Дискуссия қарастырылатын мәселенің белгілі бір ережелерін дұрыс және нақты дәлелдеуге байланысты ортақ шешім табу қабілетін дамытады. Кейстермен жұмыс істеу үшін авторлар әртүрлі стильдердің түпнұсқа мәтіндерін, әртүрлі көздерден алынған аудио және бейне материалдарды пайдалануды ұсынады. Ситуациялық ойындарды, олардың кәсіби дағдыларды меңгерудегі маңызын бөлек сипаттайды.
ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ-СИТУАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жарияланған April 2023
124
140
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Утегалиева Б. Б., Жумабекова Г.Б., Ускенбаева С.Т., . 2023. ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ-СИТУАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Квіт 2023), 120–132. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.013.