Мақалада Қазақстандағы инклюзивті білім берудің бүгінгі жағдайы мен проблемалары,
денсаулығы шектеулі балаларға инклюзивті білім берудің мүмкіндіктері қарастырылады, мұғалімнің
ерекше білімді қажетсінетін балалармен жұмыс процесіндегі кәсіби маңызды іскерлігі мен дағдысын
психологиялық-педагогикалық тұрғыда өңдемелеуге байланысты тәсілдер ұсынылады. Инклюзивті
білім беру әрбір адамнан ұдайы шығармашылықты ізденісті талап етеді, білім берудің жасампаз
процесіне оған қатысушылардың бәрі (мұғалімдер, ата-аналар, балалар, басшылар және т.б.)
араласады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру мәселесін тиімді шешу үшін білім
беру жүйесінің өзіне өзгерістер ендіру қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстағы
проблеманы шешудегі қиындықтар білім беретін мекемелердегі мамандардың кәсіби
сауатсыздығынан, қоғам өміріне бәрімен бірдей қатарласа араласатын осындай балаларды түсінікпен
қабылдамауынан туындайды
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Жарияланған August 2020
481
325
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
С.А.Ұзақбаева, . 2020. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 49–54. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.09.