Қосымша білім беруде мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын дамытудың өзектілігі мақалада Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы құжаттарына сілтеме жасай отырып негізделген. Білім беру жүйесінің ынталы және білікті мұғалімдерге деген қажеттілігі басқа факторлармен қатар қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, болашақ мұғалімдердің мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын дамытуға дайындығын қалыптастыру мәселесінің өзектілігін растайтыны атап өтілген. Белгіленген мәселенің өзектілігін ескере отырып, авторлық ғылыми жобаның мақсаты анықталды: теориялық талдау негізінде болашақ мұғалімдердің қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуға дайындығын қалыптастыру жүйесін негіздеу, әзірлеу және тәжірибелік тексеру. Мақалада модельдеудің тұжырымдамалық негіздерін ашатын ғылыми еңбектердің теориялық талдауы ұсынылған; педагогикалық модельдеудің сипаттамалары мен ерекшеліктері берілген; болашақ мұғалімдердің қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуға дайындығын қалыптастыру жүйесін педагогикалық модельдеу процесінің ерекшеліктері ашылған және оның қысқаша құрылымдық және мазмұндық сипаттамалары ұсынылған. Педагогикалық жүйенің дәстүрлі құрылымына ие авторлық жүйе оның құрылымында екі ішкі жүйенің болуымен ерекшеленеді: ҚОТ қолдана отырып мұғалімдердің оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуға дайындығын қалыптастыру және ҚОТ қолдана отырып оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту. Жүйені құраушы компонент болып жүйенің өзінде де, оның ішкі жүйелерінде де маңызды функцияларды орындайтын және жүйе құрамдастары мен олардың элементтері арасындағы байланыстарды орнату үшін шешуші мәнге ие қашықтықтан оқыту технологиялары табылады.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕЛЬДЕУ
Жарияланған November 2022
133
118
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
қосымша білім беру
техникалық шығармашылық
қашықтықтан оқыту технологиялары
педагогикалық модельдеу
педагогикалық жүйе
педагогикалық жүйені модельдеу процесі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шумейко Т.С , Бежина В.В., Жиенбаева А.А., . 2022. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕЛЬДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Лис 2022), 135–148. DOI:https://doi.org/10.51889/7791.2022.78.93.011.