Бұл мақалада бастауыш сынып оқушысының әлеуметтік интеллектісін дамытудың мәні және оны дамытудағы оқу диалогінің алатын орны жөніндегі мәселе сөз болады.Әлеуметтік интеллектіні тұлғааралық жағдайларда жетістікке жету мүмкіндігі ретінде анықтап, оның құрылымы, қалыптасу, даму мәселесі жәнеадам іс-әрекетіндегі рөліне байланысты еңбектерге сүйене отырып, бастауыш сынып оқушысының әлеуметтік интеллектісін дамытуды оқу диалогы арқылы оңтайлы шешуге болатыны қарастырылған.
Адамның өзгелермен тұлғалық қарым-қатынасқа түсуінде, сондай-ақ олардың рухани құндылығын түсіндіруде диалогтың орны ерекше екеніне тоқталған. Сонымен қатар мектептерде кейбір мұғалімдер сабақ үстінде жүргізілген диалогті жай әңгімелесумен жиі шатастыратыны атап көрсетілген. Шын мәнінде, «диалог» яғни «диалогтік қатынас» жай ғана әңгімелесу емес. Оған психологиялық-педагогикалық жағынан ерекше мән берілу керек. Сол себепті мақалада болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесінің ізгілік бағытын алуы, атап айтқанда оқушыларды диалог арқылы ізгілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерін айқындап, оны оқыту үдерісінде ұтымды пайдалану қажеттілігі туындайтынын дәлелдейді.
Диалог адамдардың бірін-бірі түсінуіне негіз болатынсөйлеудің ең кең тараған түрі,олардың арасындағы қарым-қатынас құралы екенін негіздейді. «Диалог» және «оқу диалогі» ұғымдарының мәнін ашып көрсетеді, сонымен қатар бұл ұғымдардың бастауыш сатыдағы «Қазақ тілі» оқу бағдарламаларында қамтылу жайына талдау жасалған. Оқу диалогінің түрлері сипатталған.