Мақалада педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасында қабылданған нормативті құжаттардағы ұсынылып отырған зерттеудің өзектілігі, сондай-ақ, отандық және шетелдік зерттеулердегі педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға байланысты жасалған талдаулар келтірілген. Компьютерлік сауаттылық ұғымынан бастап, цифрлық құзырлық ұғымдарына дейін тарихи талдау жүргізілген. Сондай-ақ, цифрлық сауаттылық, цифрлық құзырлық, цифрлық дағды ұғымдары нақтыланған, цифрлық сауаттылық пен цифрлық құзырлық ұғымдарының құрамдас бөліктері анықталған. Көтерілген мәселені шешудің бір жолы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін жоспарлы түрде өткізу қажеттілігі аталып көрсетілген, сондай-ақ, біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы тек цифрлық ресурстардың мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге, оқыту технологиясын да қамтуы тиіс. Оқыту технологиясы ретінде оқу сабақтарының педагогикалық дизайны таңдалған. Педагогикалық дизайнның мақсаты, оқу мақсатының негізгі құраушылары және педагогикалық дизайнды жүзеге асыратын модель типтері келтірілген.
ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған November 2022
256
365
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Халикова К.З., Идрисов С.Н., Тульбасова Б.К., . 2022. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 1, 76 (Лис 2022), 149–156. DOI:https://doi.org/10.51889/1979.2022.76.62.012.