Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

Квест технологиясының оқушылардың танымдық белсенділігіне әсері

Жарияланған February 2023

142

243

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университет
Аңдатпа

Қазіргі заманғы білім беруді дамытуда жеке тұлғаға бағытталған білім беру мәселесін шешу негізгі міндеттердің бірі болып табылады, онда мұғалімнің басты назарында оқушының танымдық, іздеу және зерттеу қызметін жандандыру болуы керек. Бұл оқытудың жаңа нысандары, әдістері мен технологияларын енгізуді талап етеді. Осындай сабақты ұйымдастырудың үйреншікті стереотиптерін өзгерту бағытындағы жаңа технологиялардың бірі болып квест есептеледі.

Зерттеу мақсаты квест технологиясының бірнеше түрлері қамтылған шаралар өткізу және оқушылардың танымдық белсенділігіне әсерін зерттеу. Эксперимент топтарында бірнеше квест түрлері өткізілді. Квест технологиясын қолданудың тиімділігі оқушылардың танымдық белсенділіктің сыртқы және ішкі көрсеткіштері негізінде деңгейлері анықталды.

Зерттеу нәтижелері оқушылардың танымдық белсенділіктерінің деңгейлер бойынша оң өзгерісінің тенденциясын көрсетті. Танымдық белсенділігі бойынша жоғары деңгей көрсеткен оқушылар бақылау тобында өзгеріссіз қалса, эксперименттік топта 48,1%-ға дейін артты, бақылау тобында орташа деңгей 9%-ға артты, ал төменгі деңгей бақылау тобында 6%-ға, эксперименттік топта 13%-ға дейін кеміді.

Сонымен қатар, квест технологиясы топта жұмыс жасау, бірлесіп шешім қабылдау, шешімдерді бірге табу және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана білуі тәрізді құзіреттіліктерін де қалыптастырды. Эксперименттік жұмыс нәтижелері квест технологиясын қолдану оқушылардың танымдық белсенділіктері қалыптасуында айрықша мәнге ие болатынын көрсетті. Сонымен қатар оқушылардың пәнге қызығушылығы артуы да байқалды. Квест технологиясын қолдана отырып сабақтар өткізу бойынша ұсыныстар берілді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Альжанова Б.С., Бисенгазиева А.С., Ихласова Ж.М., Өтегенова А.А, . 2023. Квест технологиясының оқушылардың танымдық белсенділігіне әсері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Лют 2023), 239–250. DOI:https://doi.org/10.51889/1582.2022.15.97.024.