Бұл мақала Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру жүйесінде блокчейн элементтері бар білім беру порталын қолдануға арналған. Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының қазіргі білім және ғылымында блокчейн технологиясын пайдалануды теориялық негіздеу қажеттілігімен байланысты, өйткені бүгінгі таңда бұл технология жаңа және ғылыми тұрғыдан нашар зерттелген. Мақалада осы технологияны қолдану сценарийлері қарастырылған. Блокчейн технологиясын қолдану арқылы білім мен ғылымдағы кейбір жеке мәселелердің шешімдері қарастырылады. Осы зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қазіргі білім және ғылымында блокчейн технологиясын қолдану әдістемесін анықтау болып табылады. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында блокчейн элементтері бар білім беру порталын қолдану әдістемесі" тақырыбын зерделеу кезінде ақпаратты талдау және синтездеу әдісі, жобалау, логикалық талдау, сондай-ақ ғылыми объективтілік және жүйелеу ұстанымдары сияқты туындайтын зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеу барысында блокчейн технологиясын қолдану мәселесі бойынша ғылыми дереккөздерге талдау жасалды; технологияны қолданудың негізгі бағыттары айқындалды; осы технологияны Қазақстан Республикасының қазіргі білім беруде қолданудың басты тәсілдері сипатталған. Блокчейн элементтері бар білім беру порталын қолдану әдістемесін зерттеудің практикалық маңыздылығы, сипатталған модельдер негізінде Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымында блокчейн технологиясын пайдаланудың тәсілі айқындалды, мұндай модельдерді жоғары білім беру мекемелерінде қолдану дәрежесі анықталды. Бұл зерттеу "Ақпараттық технологиялар" бағыты бойынша әдістемелік білім беру бағдарламасын дайындау кезінде әзірлемелер үшін пайдалы болуы мүмкін. Осы жүргізілген зерттеудің нәтижелері қазіргі заманғы білім беру технологиялары саласындағы мамандар үшін ғылыми қызығушылық тудырады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОО-ДА БЛОКЧЕЙН ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған November 2022
136
143
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
блокчейн
жоғарғы оқу орны
білім беруді цифрлық трансформациялау
білім беру порталы
ақпараттық технологиялар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сахипов А.А., Ермаганбетова М.А., Байдильдинов Т.Ж, . 2022. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОО-ДА БЛОКЧЕЙН ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Лис 2022), 166–176. DOI:https://doi.org/10.51889/2619.2022.82.27.014.