Берілген мақалада біріккен сабақтарды есту кемістігі бар балаларды оқытуда қолданудың оқу сапалығына әсер етуі туралы тәжірибелік ізденіс жұмыстарының қорытындылары жазылған. Докторанттың жеке жұмыс тәжірибесінен пәнаралық байланыстың әр түрлі пәндерде қолданудың әдістемелік тиімділіктері көрсетілген. Информатика сабақтарында біріктіру әдісін қолдануда басқа да пәндермен байланыстыру көзделген. Онын негізі ретінде: тәжирибелік бағыттар, жаңа технологиялар және пәнаралық байланыс қарастырылған. Берілген әдісті арнайы мектептерде қолдану – педагогикалық тәжірибенің қызықты да тиімді екені негізге алынған.
Физикалық үдерістер мен құбылыстарды компьютерлік модельдеу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға арналған әдістеме және оны арнайы мектепте пайдалану тиімділігі анықталды. Біріктірілген сабақтарда ақпараттық технологияларды пайдалану нұсқалары қарастырылған.