Ұсынған мақалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мониторингінің нәтижелері көрсетілген. Үй жағдайында оқитын балалардың білім беру жүйесіндегі статистикалық мәліметтерді талдау жағымсыз тенденцияларды көрсетті. Объективті себептерге байланысты үйде оқыту білім беру қызметінің барлық көлемін қамтамасыз ете алмайды. Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сапалы білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді және құқықтарын бұзады. Жалпы үйде оқитын ЕБК бар балалар санының өсу динамикасын талдау, мектеп жасындағы балаларды анықтау мен аймақтық ерекшеліктерінің арасында байланыс жоқ екенін көрсетті.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мониторингі аясында сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің дәстүрлі және қашықтықтан оқыту форматында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқыту процесінде кездесетін қиындықтары анықталып, жіктелді.