Дарынды оқушыларды анықтау және оларды олимпиадаларға дайындау – қазіргі қоғамның міндеттерінің бірі болып отыр. Ол үшін әр түрлі деңгейдегі іс-шаралар мен байқаулар өткізіледі. Олардың ішінде пәндік олимпиадалардың, соның ішінде географиялық олимпиадалардың алатын орны ерекше. Географиялық олимпиадалардың ерекшелігі – жалпы географиялық мәдениетті, географиялық ойлауды, құндылық бағдарларын, дарындылықты мектеп бағдарламасынан тыс шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы, білімнің, шеберліктің, шығармашылық және эмоционалды – құндылық қызметінің тәжірибесін ескере отырып анықтау. Тәжірибе көрсеткендей, оқушыларды география пәнінен олимпиадаларға дайындаудың өз ерекшеліктері бар. Дайындық теориялық және практикалық компоненттерге ие болуы керек. Олимпиада тапсырмалары қызықты болуы керек, бірақ олардың мазмұны классикалық ғылыми тұжырымдамаларға негізделуі және мүмкіндігінше географиялық ғылымның жаңа жетістіктерін ескеруі тиіс. Зерттеуде оқушыларды география пәнінен олимпиадаларға дайындаудың заманауи технологиялары мен түрлі олимпиада тапсырмаларына талдау жасалған.
Мақаланың мақсаты: оқушыларды география пәнінен олипиадаларға дайындаудың заманауи технологиялары және олимпиада тапсырмаларын талдау.
Түйін сөздер: олимпиада, географиялық олимпиада, олимпиада тапсырмалары, географияны оқыту, дарынды оқушы.