Мақалада қазіргі заманғы оқыту барысында көптеп қолданылып жүрген көрнекілік әдісі туралы баяндалған. Көрнекіліктердің ең алғаш қалай пайда болғаны, оны қолданудың алғашқы ережелерінен бастап, қазіргі заманауи көрнекі құралдар,олардың қолданылу жүйесі және зерттеген ғалымдардың еңбектері қарастырылып зерттелінді. Сонымен қатар зерттеуімізде көрнекіліктерді оқушылардың сенсорлық дамуымен байланыстырдық, оқушылардың сезім мүшелеріне қалай әсер ететіндігіне тоқталынды. Негізгі мақсатымызда осы көрнекіліктерді қолдануда оқушылардың сенсорлық қабілеттерін дамыту болды. Тек арнайы сабақтарда ғана емес, күнделікті сабақ барысында пайдалануға мүмкіндік тудыру. Адам естігеннен гөрі, көргенді жақсы есте сақтайды. Сол себепті жаңа дүниемен енді танысып келе жатқан оқушылар үшін көрнекіліктер таптырмас көмек деп айтуымызға болады. Негізінен сабақ барысында қарапайым сөзді қайталағаннан, оның түсін-түстеп көрсеткен тиімді. Оқушылар үшін де ол қызықты болады деген оймен көрнекіліктерді зерттедік. Зерттеуімізге негіз ретінде шетелде кең қолданысқа ие, бізге енді қосылып жатқан интеллект-картаны алдық.
Негізгі ұғымымыз болғандықтан көрнекі құралдарды қолданудың мақсаттары, дұрыс қолдану жолдары және оның тиімділігі қарастырылды. Көрнекіліктерді сабақ барысында қалай дұрыс, әрі тиімді қолдануға болады деген сұрақтардың шешімі көрсетілді.