Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ STEM МАНСАБЫНА КӨЗҚАРАСЫ

Жарияланған June 2022

194

192

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл мақаладағы келтірілген зерттеу жұмысының негізгі мақсаты оқушылардың болашақта STEM мансабына қөзқарасын анықтау болып табылады. Мақаланың негізгі идеясы оқушылардың STEM мансабына көзқарасына әсер ететін факторларды талдау. Қазіргі кезде Қазақстанда және өзге елдерде STEM салаларындағы мамандар жоғары сұранысқа ие болуда. Сондықтан зерттеу жұмысы бойынша Алматы қаласының орта мектеп оқушылары арасында сауалнама жүрізіліп, алынған нәтижелерге  талдау жасалды. Сауалнаманың валидтілігі тексерілген және тәжірибе жүзінде объективтілігі расталған. Сауалнама сұрақтары Google forms платформасы арқылы құрастырылып, электронды почта арқылы оқушыларға таратылды. Алынған нәтиже және нәтижеге қол жеткізуде қолданылған әдістер мақалада толық көрсетілген.  Шетелдік тәжірибені, әдеби дереккөздерді талдау нәтижесінде авторлар алынған нәтижемен өзге зерттеу жұмыстарын салыстыра отырып  оқушылардың гендерлік айырмашылықтары STEM мансабын таңдауында айтарлықтай айырмашылықтар бары байқалмады, дегенмен пәндер арасында ұлдар мен қыздарда айырмашылықтар байқалды. Сонымен қатар оқушылардың мектепте STEM пәндері бойынша алған бағалары мен болашақтағы STEM мансабы арасындағы байланыс, жекелеген пәндер бойынша әр түрлі екендігі анықталды.

pdf
Тіл

Қазақ

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Наушабеков Ж.А., Джапашов Н.М., Оспанбеков Е.А., . 2022. ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ STEM МАНСАБЫНА КӨЗҚАРАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 74, 2 (Чер 2022), 265–272. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5496.29.