Бұл мақалада біз мектеп оқушыларының құндылық бағдарларын қалыптастыру қажеттілігі туралы ақпаратты ұсынамыз. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларын білім, білік және дағды аясында оқыту жеткіліксіз, ең бастысы - олардан жаңа шығармашылық ойлау қабілеті бар адамды тәрбиелеу. Биологиялық білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасы (мектептегі білім берудің жаңартылған бағдарламасы) мұғалімдерді, оқушыларды оқытудың белсенді әдістерін қолдануға бағыттайды. Белсенді оқытудың қолайлы және тиімді әдістерінің бірі - оқушыларды нәтижеге қол жеткізу мақсатында кез-келген әрекетке шабыттандыру мүмкіндігі. Мысалы: ғылым мен зерттеулерге бағыттау.
В. М. Монахов ұсынған «Аксиомалар жүйесі» негізінде, біз мектеп оқушыларының құндылық бағдарларын қалыптастырудың авторлық технологиясын жасадық, оны мектептің білім беру ортасының жағдайларына бейімдеп, тұтас педагогикалық процеске енгіздік (біздің жағдайда – биология сабақтарына қолдандық).
Бұл технологияны енгізу нәтижелері және оны мектептің тұтас педагогикалық процесіне, атап айтқанда биология сабақтарына талдау жасау, оқушының зерттеу жұмысының мысалы ретінде, сондай-ақ биология мұғалімінің және оқушының осы зерттеу жұмысына қатысты әрекеттерін ұсынамыз.