Жоғарғы оқу орындарында білім беру үдерісінде студентке бағытталған тәсілді жетілдіру мақсатында бұлтты және мобильді технологияларды қолданудың тиімділігі үстем. Жетілдірілген бұл тәсіл оқу үдерісінде білім сапасын және оқу үлгерімін арттырады. Шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарында бұлтты және мобильді технологиялардың контекстік бұлтты моделін ұсынады. Білім беру саласындағы зерттеулердің перспективті бағыттарының бірі оқыту жүйесінде студентке бағытталған тәсілдің негізі ретінде бұлтты және мобильді технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану. Қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындарында білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері бұлтты және мобильді технологияларды қолдану тұрғысынан алға қойылды. Студентке бағытталған тәсілді жетілдіруді зерттеу барысында бұлтты және мобильді технологиялардың өзекті екендігі байқалды. Біздің зерттеуіміздің мақсаты оқу үдерісінде бұлтты және мобильді технологияларды қолданып, студентке бағытталған тәсілді жетілдіру мәселесін қарастыру болып табылады. Алдыға қойылған мақсатқа жету үшін оқу үдерісіне жаңа технологиялық мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет. Дүниежүзілік пандемия кезінде әсіресе қашықтықтан оқыту мен виртуалды оқыту ортасында бұл тәсілдің тиімділігімен қажеттілігі өсті. Зерттеу барысында жүргізілген талдау нәтижесінде бұлтты және мобильді технологиялар студентке бағытталған оқытудың ажырамас құралы бола алады деп айталамыз. Зерттеудің басты міндеттерінің бірі оқу үдерісінде студентке бағытталған тәсілді бұлтты және мобильді технологиялар қолданып жетілдіру және қазіргі жаңдайын талдау болып табылады.
СТУДЕНТКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘСІЛДІ ЖЕТІЛДІРУ БАРЫСЫНДА БҰЛТТЫ ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жарияланған February 2023
196
322
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
студентке бағытталған оқыту, бұлтты технология; мобильді технология; бұлтты мобильді оқыту
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Умирзакова Ж.С. , . 2023. СТУДЕНТКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘСІЛДІ ЖЕТІЛДІРУ БАРЫСЫНДА БҰЛТТЫ ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Лют 2023), 60–68. DOI:https://doi.org/10.51889/5442.2022.76.75.006.