Бұл мақала әлеуметтік серіктестік контекстінде болашақ әлеуметтік педагогтарды даайындау тақырыбына арналады. Зерттеудің өзектілігі әлеуметтік серіктестікті жетекші әлеуметтік институттардың бірі ретінде барлық әлеуметтік салалармен, атап айтқанда, саясат, экономика, мәдениет, денсаулық сақтау, қоғамдық ұйымдар және басқа құрылымдармен біріктірілген қазіргі заманғы жоғары білімнің маңызды өзгерістерімен байланысты қарастырудың қажеттілігімен сипатталады. Осы мақаладағы зерттеудің мақсаты әлеуметтік әріптестік контексінде Қазақстан Республикасындағы болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлауды сүйемелдеу технологиясын кешенді талдау болып табылады. Қазақстан Республикасында болашақ әлеуметтік педагогтарды дайындаудың негізгі аспектілері талқыланады және қорытындыланады. Әлеуметтік серіктестік ұғымы білім беру ұйымдары мен басқа да әлеуметтік институттардың бірлескен қызметінің бір түрі ретінде жан-жақты қарастырылады. Кәсіптік білім берудегі әлеуметтік серіктестік әлеуметтік серіктестік субъектілерінің өзара тиімді ортақ мақсаттарына қол жеткізуді, серіктестердің (билік органдары, кәсіпорындар, оқытушылар және т.б.) әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, өңірлік еңбек нарықтарының мәселелерін шешудің тиімділігін арттырады. Жүзеге асырудың нысандары мен тәсілдері көрсетілген, қазіргі білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестіктің әлеуеті көрсетілген. Әлеуметтік педагогтарды дайындауда білім беруге тән үрдістер анықталады. Жүргізілетін зерттеудің практикалық маңыздылығы ғылыми мақалада ұсынылған әлеуметтік серіктестік контексінде болашақ әлеуметтік педагогтарды дайындауды сүйемелдеу технологиясының әдіснамалық негіздерін жоғары оқу орындарында, сондай-ақ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» бағыты бойынша білім беру бағдарламасын дайындау кезінде қолданылады.
БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДА ДАЙЫНДАУДЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жарияланған March 2022
154
104
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
технология
сүйемелдеу технологиялары
әлеуметтік серіктестік
қазіргі заманғы білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік әлеуеті
әлеуметтік диалог
кәсіптік білім беру
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Садыкова А.Қ.,Шолпанкулова Г.К.,Джейн Мк Элдоуни Дженсен, . 2022. БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДА ДАЙЫНДАУДЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2022), 132–141. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.13.