Қазақстандағы балалардың қоғамдық ұйымдары тарихының педагогика мен психология ғылымдарының зерттеу пәні ретіндегі көпжылдық зерттеу арсеналдары - заманауи жас зерттеушілердің айырықша назарын аударып отыр. Аталған бағыттағы тиімді жұмыстардың біріне жататын балалардың қоғамдық бастауыш ұйымдары мүшелері мен лидерлерінің ересектермен бірге жалпы орта білім беретін заманауи мектеп практикасында оқушылардың интеллектуалдық һәм психологиялық дискриминацияға ұшырауының алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарын ұйымдастыру проблемалары аталмыш ғылыми мақалада көрініс тапты.
Кемсітушілік қатынас мәселесі әртүрлі деңгейдегі, яғни тұлғааралықтан жалпы мәдениетке дейінгі пікірталастарда көрінеді. Бұл кемсітушілік мәселесінің сыртқы фактідегі көрінісіне арналған көптеген ғылыми еңбектерде дәлелденген.
Сонымен қатар мақалада білім беру жүйесінде балаларға қатысты зияткерлік кемсітушілік пен бөтеннің зияткерлік меншігін иемдену мақсатында әртүрлі бағыттағы зияткерлік жарыстардағы балалар мен мектеп оқушыларының лайықты жеңімпаздарына қарсы бағытталған, ересектердің, балалардың және басқа адамдардың зиянды әрекеті мен саналы мінез-құлқы қарастырылады.