Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚУШЫЛАР БОЙЫНА 4К ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ

Жарияланған March 2020

160

366

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа кәсіби құзыреттіліктерге дайрлау мәселелері жайында жазылған.XXI ғасыр дағдыларының4К жүйесіне топтастырылуы және оны қалыптастыруға болашақ педагогтарды даярлау қажеттігі айтылады. 4К моделі үлгісіне сай оқыту ерекшеліктері мен дағдылардың жеке мазмұны ашылған. 4К моделінің ұсынылуы мен күтілетін нәтижелері берілген. 4К тобындағы дағдыларды қалыптастыру тетіктері келтірілген. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш буынына жаратылыстану пәнінің жеке пән болып енгізілу себептері мен күтілетін нәтижелері жазылған. Кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруда бастауыш сыныптардағы жаратылыстану пәнініңмүмкіндігі көрсетіледі. Сондықтан студенттерді жаратылыстану пәнінен сабақты белсенді оқыту әдістерімен ұйымдастыру технологиясын меңгерту мәселесі қарастырылған. Білімалушыларға «Бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқыту әдістемесі» курсын ұйымдастыруда сынамадан өткен «Фишбоун», «Ақылды 6 қалпақ», «Зигзак», «СКАМПЕР» секілді инновациялық оқыту әдістерінің ұтымды түрлерін ұсынады. Олардың әрқайсысына сипаттама беріліп,болашақ педагог мамандардың кәсіби қызметіне қажетті 4К тобындағы дағдылардың жетілуіне мүмкіндік беретін әдістер деп дәйектелген.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
С.М.Сихимбаева М. А. Баймаханбетова, К Б.Райымкулова, . 2020. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚУШЫЛАР БОЙЫНА 4К ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 65, 1 (Бер 2020), 187–193. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.34.