Мақалада білім беруді цифрлық жүйеге көшіру мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасында қабылданған нормативті құжаттардағы ұсынылып отырған зерттеудің өзектілігі, сондайақ, әлемдегі және еліміздегі білім беруді цифрлық жүйеге көшірудің тәжірибелері талданған.
Цифрлық университеттің негізгі идеялары, олардың мақсаты мен жұмыс істеу принциптері айтылған,
білім беруді цифрлық жүйеге көшіруге түсініктеме берілген. «ХХІ ғасырдың дағдылары, құзыреттілік
және цифрлық сауаттылық, цифрлық із, педдизайн тәрізді білім беруді цифрлық жүйеге көшірудің
негізгі терминдері қарастырылған. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық
технологиялар терминдері қарастырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары мысалдармен
сипатталған. Цифрлық экономика жағдайында мамандар даярлауға қойылатын негізгі талаптың бірі –
жеке дара жұмысшы емес, жобамен жұмыс істеуге қабілетті білікті команда екені және маманды
командамен жұмыс істеуге баулудың маңыздылығы мен жобалық жұмыстың мәнділігі аталып
көрсетілген. Білім алушының цифрлық ізін талдау мен құзыреттілігін анықтаудағы кемшіліктер
талданған
БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған June 2021
116
241
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
: білім беруді цифрлық жүйеге көшіру, ХХІ ғасырдың дағдылары, құзыреттілік, цифрлық сауаттылық, педдизайн, цифрлық із.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
К.З. Халикова, . 2021. БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 67, 3 (Чер 2021), 41–49. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5496.05.