Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

Журнал ҚР және басқа елдердің білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі мәселелер және педагогикалық ғылымдар бойынша зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылым болып табылады.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТЫ – педагогикалық үдерісті және мектепті ұйымдастыру жағдайы, кәсіби даярлаудың әдіснамасы, тарихы, ғылыми негіздері және әдістемесі туралы ғылыми материалдарды жариялау.

Журналдың ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРУШЫСЫ "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КЕАҚ болып табылады

Абай атындағы ҚазҰПУ–нің Хабаршы ғылыми журналының «Педагогика ғылымдары» сериясының қалыптасу тарихы 1978 жылдан бастау алады, өйткені сол жылы Абай атындағы Қазақ Еңбек қызыл ту ордені педагогикалық институтының педагогика кафедрасының базасында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын беру бойынша К 113.03.01. арнайы кеңес ашылды. Сол уақыттан бастап жоғарғы оқу орындары арасында ғылыми еңбектерді тақырыптық жариялау басталды (жауапты редактор: п.ғ.д., профессор Г.А.Уманов, жауапты редактордың орынбасары Н.Д.Хмель). Осы жинақ КСРО ЖАК үшін кандидаттық және докторлық диссертациялар бойынша ғылыми мақалаларды жариялау үшін ғылыми басылым болды.

            1992 жылы Абай атындағы АлМУ-да педагогика ғылымдарының докторы ғылыми атағын беру бойынша Д 113.03.01 арнайы ғылыми кеңесі ашылуына байланысты, докторлық диссертациялар нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар жариялау аталған жинақта басылып отырды. Жинақ 2000 жылға дейін шықты. Кафедраның ғылыми басылымының қалыптасып дамуына п.ғ.д., профессорлар  Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Г.К.Нургалиева, К.К.Жампеисова, Л.К.Керимов, А.Д.Кайдарова және т.б. үлкен үлес қосты.

            2001 жылдан бастап Абай атындағы АлМУ-дың Хабаршы («Психология-педагогика ғылымдары» сериясы) шығарыла бастады. 2003 жылы университеттің атауы өзгеруіне байланысты Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы  журналы «Педагогика ғылымдары» сериясы деген атпен жұмысын жалғастырды.

            Әр жылдары журналдың бас редакторлары п.ғ.д., профессор  Г.А.Уманов, (2000ж. дейін), п.ғ.д., профессор  К.К.Жампеисова (2000-2008 ж.; 2015 жылдан осы уақытқа дейін), п.ғ.д., профессор Л.К.Керимов (2008-2010жж.), п.ғ.д., профессор Т.М.Баймолдаев (2010-2015 жж.) үлкен үлес қосты. Журналдың әр номерін шығаруда үлкен жұмыс атқарған жауапты хатшылар п.ғ.к., профессор Б.Р.Айтмамбетова, п.ғ.к., доцент Л.П.Илларионова, п.ғ.д., профессор  А.Д.Кайдарова  қызмет атқарды.

Журналдың редакциялық алқасының құрамына Қазақстанның және жақын және алыс шетелдердің жетекші ғалымдары кіреді.           

Білім және Ғылым саласын бақылау комитетінің шешімі негізінде (Бұйрық №433-3 ж 26 маусым 2003ж.).  Абай атындағы ҚазҰПУ -нің Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы педагогика ғылымдары бойынша диссертациялық жұмыстардың ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдардың тізіміне енгізілді және Білім және Ғылым саласын бақылау комитетінің шешімі негізінде мерзімі ұзартылды (Бұйрық №1082 10.07.2012ж.). 

            Журнал Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде министрлігінде тіркелген (8 мамыр 2009ж. №10104-ж). Журнал «Ұлттық мемлекеттік ғылыми – техникалық сараптама орталығының» АҚ базасына кіреді.

  Журналдың ISSN 1723-5496 мерзімді басылымдардың халықаралық стандартты сериялық нөмері бар.

  Мерзімділігі-жылына 4 Нөмір.

Индекстеу
Журналды "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ (ҰМҒТСО) Қазақстандық дәйексөз алу базасы (КазБЦ) индекстейді ( https://nauka.kz/page.php?page_id=795).
Журнал мақалалары CrossRef ДБ тіркеледі. Әрбір авторлық мақалаға міндетті түрде объектінің DOI - сандық сәйкестендіргіші беріледі, ол дәйексөзді, сілтемені және электрондық құжаттарға шығуды қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Абай атындағы ҚазҰПУ  Хабаршы журналының "Педагогикалық ғылымдар" сериясының мақсаты мен міндеттері : педагогикалық ғылым, білім беру, ұлттық тәрбие саласындағы іргелі, теориялық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін объективті ұсыну; Қазақстанда және алыс және жақын шетелдерде жоғары оқу орны, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта, орта білімнен кейінгі, мектепке дейінгі, бастауыш, арнайы және қосымша білім беруді дамытудың өзекті әдіснамалық, теориялық, практикалық проблемаларын талқылау болып табылады; қазақстандық және шетелдік авторлардың жаңа теориялық, әдіснамалық және практикалық жетістіктерімен танысу; қоғамның қазіргі заманғы талаптарына сай келетін педагогтарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, білім беру сапасын арттыру мақсатында кәсіби қызмет бойынша дағдыларды, құзыреттер мен тәжірибені игеру

              Хабаршыда жариялауға бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда бір мезгілде жариялауға арналмаған ғылым докторлары мен кандидаттарының, ғылыми қызметкерлердің, философия докторларының (PhD), бейіні бойынша докторлардың, докторанттардың, магистрлердің, педагогтердің және ҚР Білім беру жүйесінің барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары басшыларының, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың мақалалары қабылданады.

Негізгі бөлімдер: (2021 жылдан)

1) педагогикалық ғылымның, білімнің және ұлттық тәрбиенің тарихы мен қазіргі заманғы әдіснамасы;

2) жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру: проблемалар, инновациялар және болашағы;

3) орта және орта білімнен кейінгі білім беру: оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері;

4) мектепке дейінгі және бастауыш, арнайы және қосымша білім беру мәселелері.

ЕРКІН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК САЯСАТЫ

Журнал авторлардың жарияланымдарының ақпараттық ашықтығы және қолжетімділігі саясатын ұстанады, мақалалар журналдың сайтына толық мәтінді қолжетімділікте орналастырылады.

МҰРАҒАТТАУ

* "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ

* Абай атындағы ҚазҰПУ кітапханасы

РЕЦЕНЗИЯЛАУ ТҮРІ

Абай атындағы ҚазҰПУ  Хабаршы журналы "Педагогикалық ғылымдар" сериясында «жасырын» рецензиялау  жүргізіледі (автор рецензенттің атын білмейді).