Мақалада оқыту нəтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлі, бағалаудың түрлері, ұстанымдары, бағалау кезеңдері мен тәсілдері қарастырылады. Мақала авторлары Халықаралық және Қазақстандық бағалау жүйесіне шолу жасай отырып, бағалаудың маңызы мен негізгі қағидаттарына тоқталады. Бағалаудың өлшемдік технологиялары, жаңартылған білім беру жүйесіндегі критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері мен алғышарттары сөз болады. Сонымен қатар, білімгерлердің бағалау жүйесіне көңілі тола ма, толмай ма? Аталған бағалау жүйесінің жетістіктері мен кемшін тұстары неде? Бұл бағалау жүйесінде қандай түйткілді мәселелер бар деген сұрақтар да мақаланың негізін құрайды. Мақалада осы мәселе төңірегінде мониторинг жасалып, оның нәтижесі сараланып, бағалауға арналған тиімді тәсілдер мен зерттеулер ұсынылады.
Зерттеудің мақсаты – білім берудің мақсаты мен мазмұнына сəйкес бағалау құралдарын қолдана білу, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалаудың əдістері мен тәсілдерінің қазіргі жағдайын саралау, одан əрі оқыту туралы шешім қабылдау үшін критериалды бағалауды пайдалану жолдарын ұсыну.
Мақаланың практикалық мәні жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен оқыту әдістемесі саласында ізденіп жүрген педагог- зерттеушілер үшін жоғары болмақ.
