Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Педагогические науки

ДИАГНОСТИКА РАЗВИТИЯ ТВОРЧЕСКОЙ ОДАРЕННОСТИ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ

Опубликован October 2021

140

29

Казахский национальный педагогический университет имени Абая
Аннотация

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың кейбір мәселелері қарастырылады. Дарындылықтың мәнін(диагностикасы, тарихи аспектілері, дамыту мәселесі), түрін (шығармашылық, математикалық, көркемсурет-бейнелеу, көркем дарындылық, спорттық, музыкалық, академиялық және т.б.) анықтау негізге алынады. Бірқатар философиялық талдаулардан жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деген тұжырымды шығарамыз. Мақалада шығармашылық дарындылықтың психологиялық-педагогикалық аспектілері талда-нып, ғалым-зерттеушілердің еңбектеріндегі дарындылық, шығармашылық дарындылық ұғымда-рының контент-талдауы ұсынылады. Сондай-ақ мұнда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың әдіснамалық маңыздылығына жүйелілік амал, көпсубъектілі амал, жеке тұлғалық амал, синергетикалық амал, рефлексиялық амалдардың функциялары ашып көрсетіледі. Мақаладағы әдіснамалық амалдардың мәніне қарай негізі әдіснамалық қағидалар талданады. Олар: ұмтылысты демеу және сенімділік қағидасы, субъектілік қағидасы, шығармашылық және табыстылық қағидасы болады.

Мақалада шығармашылық дарындылықты анықтау диагностикасы жұмыстарының барысы талданады. Диагностика жұмыстарына 129 оқушы қатысып тәжірибеден өтті. Диагностикалық жұмыстарды А.И. Савенковтың «Төменгі сынып оқушыларына арналған қызықтар картасы» (ата-аналар мен балаларға), «Оқушы сипаттамасы» (мұғалімдердің дарынды баланың дамуы туралы өз ойларын жүйелеуге арналған), жалпы дарындылықты бағалау әдістемесі (ата-аналар мен мұғалімдерге), «Дарындылық картасы» әдістемесі (ата-аналарға арналған) бойынша жүргіздік. Оның нәтижелерін статистикалық талдаулар бойынша ұсынып отырмыз.

pdf