Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ РЕФЛЕКСИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӘСІБИ БІРЕГЕЙЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ

Жарияланған July 2025

40

26

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университет
Аңдатпа

Бұл зерттеуде рефлексивті технологиялар арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби бірегейлігін қалыптастырудың теориялық негізделген моделі ұсынылған. Құрылымдық тұрғыдан модель өзара байланысты төрт компонентті қамтиды: мақсатты, мазмұндық, технологиялық және нәтижелі-бағалау, олар педагогтың кәсіби қалыптасу процесінің тұтастығын қамтамасыз етеді. Кәсіби бірегейлікті қалыптастырудың құралдық негізі ретінде рефлексивті технологияларға ерекше назар аударылған, оларға рефлексивті күнделік, кәсіби кейстер, портфолио және рефлексивті практикум кіреді. Модельді жүзеге асырудың негізгі педагогикалық шарттары сипатталған, оларға кәсіби-білім беру ортасын құру, практикаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және студенттің субъектілік позициясын дамыту кіреді. Кәсіби даярлық жағдайында кәсіби бірегейлікті қалыптастырудың төрт дәйекті кезеңі бөлініп, толық сипатталған: бейімдеу-таныстыру, теориялық-әдіснамалық, практикаға бағытталған және кәсіби-шығармашылық. Ұсыныл-ған модель қазіргі білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби бірегейлігін қалыптас-тыру процесінің жүйелілігін, мақсаттылығын және нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тунгатова Н., Mehmet Akif Sözer, Кошкинбаева Н. . 2025. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ РЕФЛЕКСИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӘСІБИ БІРЕГЕЙЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 133–143. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.012.