Мақалада педагогтердің кәсіби қызметіндегі цифрландыру және цифрлық технологиялардың негізгі ұғым-дарына теориялық талдау жасалған. Педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырудың мазмұны, әдістері мен түрлері, педагогтардың компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті баяндалып, цифрлық технологиялардың дамуына байланысты оқу процесін ұйымдастырудың бағыттары әзірленді. Сонымен қатар, мақалада педагогтердің ақпараттық қабілеттерін дамытудың, өзін-өзі тәрбиелеудің және әртүрлі ақпаратты өздігінен өңдеудің маңыздылығын атап көрсетілген. Білім беруді цифрландыру және цифрландыру ұғымдары нақтыланды. Цифрландыру – білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету процесі, сонымен қатар білім берудегі цифрландыру білім берудегі цифрландыру – электронды оқыту жүйесіне көшу процесі, ол оқу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталғаны атап көрсетілген.
Мақалада жоғары оқу орындарында цифрлық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайын көрсетуге және проблемалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу қарастырылған. Зерттеу нәтижелері жоға-ры оқу орындарының оқытушыларының цифрлық технологияларды қолдануы орташа деңгейде қалып отыр-ғанын көрсетті, мұнда педагогтердің көпшілігі компьютерді және негізгі кеңсе қосымшаларын пайдалануға сенімді, бірақ MOOC платформалары, жүйелер мен цифрлық технологияларды енгізудің басқа құралдары туралы хабардар болуының орташа деңгейі бар.
Мақалада білім беруде маңызды рөл атқарып келе жатқан цифрлық технологиялар және оларды білім сапасын арттыру және мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын дамыту үшін белсенді түрде пайдалану қажет екендігі талқыланады.
