Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Хабаршы, «Педагогикалық ғылымдары» сериясы

Жариялау этикасы

Мақаланы жариялау шарттары

Абай ат. ҚазҰПУ–нің Хабаршы/Вестник журналының «Педагогика ғылымдары» сериясында жариялануға орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде автор/авторлар бұрын жарияламаған, журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес және рәсімдеу талаптары бойынша қатаң рәсімделген мақалалар қабылданады.  

Ғылыми мақаланың қолжазбасы журнал редакциясы корреспонденциясына (2 және одан көп авторлар ұжымының санынан анықталады) тоқсанның соңғы айының 10 дейін ұсынылады. Журналға жарияланымға кем дегенде 3000 сөз және 8000 сөзден аспайтын мақалалар қабылданады.

Қолжазбаны автор электронды платформа арқылы мақала және оның авторлары туралы барлық деректерді көрсете отырып корреспонденцияға жіберіледі.

Авторлар зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, жаңалығы, дәлелдігіне жауапты.

Абай ат. ҚазҰПУ–нің Хабаршы/Вестник журналының редакция алқасы және рецензенттер қолжазбаны қарастыру кезеңінде, сондай ақ, ол жарияланғаннан кейін авторлар қолжазбаны басқа басылымдарға жариялауға қарастыруға ұсынбауға міндеттеледі.

Қолжазбамен жұмыс істеу кезінде редакция, корреспонденция авторы және рецензенттер арасындағы байланыс http://bulletin-pedagogy.kaznpu.kz онлайн платформасы арқылы, ал ерекше жағдайларда vestnikkaznpu@mail.ru электронды почта арқылы жүзеге асады.

Журналдың редакциялық алқасы автордан /авторлардан келіп түскен қолжазбаларды оқып, оларды рецензиялауды ұйымдастырады және қолжазба электронды платформа арқылы түскен күннен бастап, үш апта ішінде  қарастырылады.

Плагиат және иемдену

Ғылыми журналдың редакциясы қолжазбаның ресми талаптарға сәйкестігін қарастыру кезінде (қолжазбаны рәсімдеу) плагиатқа тексеру жүйесі арқылы қолжазбадағы иемденге мәтіннің орын алуына тексеру жүргізеді.

Тек түпнұсқа қолжазбалар және/немесе антиплагиат жүйесі арқылы тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқалығы 70 %дан асатын қолжазбалар одан рі рецензияға жіберіледі. Егер қолжазба журналда қойылатын рәсімдеу талаптарына сәйкес келмесе және плагиатқа тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқа жұмыс болып табылмаса, қолжазба тиісті өзгерістер енгізу және қолжазбаны журналдың электрондық платформа арқылы редакция алқасының қарауына қайта жіберу үшін корреспонденция үшін авторға қайтарылады. 

Егер, авторлар мақаланы жазу кезінде басқа зерттеушілердің еңбектерін пайдаланса, сол ғалымдардың жұмыстарына сілтеме жасап, дәйексөз мәтінін дұрыс рәсімдеуі керек.

Халықаралық қауымдастық қабылдаған ғылыми этика қағидаттары, стандарттары мен нормаларының бұзылғандығы анықталған жағдайда, журнал редакциясы, Жариялау этикасы комитетінің стандарттарына (СОРЕ) сәйкес әрекет етуге міндеттенеді.

Авторлық құқық

Қолжазбаның авторлығы қолжазбаны жасауға, ойды қалыптастыруға, мақала жазуға, нәтижелерді түсіндіруге тікелей қатысқан және ғылыми нәтижелерді алуға елеулі үлес қосқан зерттеушілерге тиесілі.

Ақпаратты жария ету саясаты және мүдделер қақтығысы

Автордың жазбаша келісімінсіз редакторлар мен рецензенттер ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланған деректерді жеке зерттеулерге пайдалана алмайды.

Рецензиялау кезінде алынған және мүмкін болар артықшылармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы қажет және жеке бас пайдасы үшін қолданылмауы керек.

Рецензенттер ұсынылған жұмысқа байланысты кез келген автормен, компаниялармен немесе басқа да ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас салдарынан мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарауға қатыспауы тиіс.

Құпиялық шарттары

Абай атындағы ҚазҰПУ– нің Хабаршы/Вестник журналының «Педагогика ғылымдары» сериясының редакциясы, қарастырылатын қолжазба туралы ақпаратты жарияланғанға дейін рецензенттерден басқа үшінші тұлғаларға айтпайды. Сондай-ақ, редакция авторлар және басқа тұлғаларға рецензенттер туралы мәліметтерді жарияламайды.

Осы және басқа да мінез–құлық қағидаттары, нормалары мен стандарттары халықаралық қоғамдастық қабылдаған жариялау этикасына негізделген және басылым процесіне қатысушылар, авторлар, редакция алқасы мүшелері, баспагер мен рецензенттерге арналған.