Жариялау этикасы
Автор сайтта алдын ала тіркеліп, төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделген мақаланы журналдың сайтына жіберуі керек http://bulletin-pedagogy.kaznpu.kz
Мақаланың жалпы көлемі (авторлар туралы мәліметті есептемегенде) ең аз – 3000 сөз, ең көп - 8000 сөзден аспау керек. Бұл ретте ең төменгі/ең жоғары көлемі A4 парақпен емес, мақаладағы сөздердің санымен өлшенеді.
Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінде қабылданады
МАГИСТРАНТТАРДЫҢ МАҚАЛАСЫ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ
Журналдың бір санында 1 автордан - 1 мақала ғана қабылданатындығын ескертеміз, 1 автор 1 жылда – 2 мақаладан артық жариялай алмайды. Сонымен бірге, мақаланың көлемі үлкен болған жағдайда 5 авторға дейін рұқсат етіледі
Барлық мақалалар Антиплагиат жүйесінде тексеріліп, 75 % өзіндік ерекшелігін көрсеткен жағдайда ғана қабылданады. Ғылыми сілтеме Chicago стилінде: (Автор, жылы) немесе (Автор, жыл, беті) рәсімделеді. Мақаладағы мәліметтердің шынайылығына автор/авторлар жауапты. Түпнұсқа пайызын техникалық немесе басқа жолдармен арттыру орын алған жағдайда мақала басылымнан алынады.
Мақалаларды қабылдау мерзімі 1 квартал - 1ақпанға дейін, 2 квартал – 1 мамырға дейін,
3 квартал – 1 қыркүйекке дейін, 4 квартал – 1 қарашаға дейін.
Журналға жариялау құны: бекітілген прейскурант бойынша, барлық авторлар үшін: 22 мың (жиырма екі мың) теңге, DOI алу үшін – 2000, Crossref базасына тіркелу – 6000, барлығы – 30 000 мың теңге.
Журналда «Ғалым мерейтойы» деген айдар бар (түрлі түсті фотомен жарияланады) бір беті – 10 000 теңге.
Шетелдік авторлар үшін (құрамында қазақстандық авторлар болмаған жағдайда) мақала жариялау ақысыз
Редакция мақаланы қабылдағаннан кейін, «Банк Центр Кредит» тің кез-келген бөлімшесінен төлем жасауға болады, сонымен бірге Каспий банктің QR - коды арқылы да төлем жасай аласыз, ол үшін сайттың Төлем бөліміне өтуіңіз керек
Төлем жасалған түбіртектердің көшірмелері/сканері vestnikkaznpu@mail.ru электронды адресінде қабылданады
Мақала қабылданбастан бұрын, төлем ақы жасалынған жағдайда шағым қабылданбайды Қабылданған мақалалар бойынша төлемақы кешіктірілген жағдайда, журналдың келесі сандарына қалдырылады.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар
Мақала мәтіні Word 2003-2010, А4 – форматында, «Times New Roman» әріптерімен – 12 шрифт, суреттер, диаграммалар – 10 пт, аралық интервал – 1; бірінші жол абзацтан басталады – 0,5 см.; парақтың барлық жағы – 2 см;
Графика, диаграмма, суреттер сканерленіп, мақаланың ішіне сурет түрінде қойылуы керек. (300 dpi – ден аз емес).
Мақаланы рәсімдеу реті:
- Индекс ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы) мақаланың сол жақтағы жоғарғы бұрышына қою әріптермен мақала жазылған тілде жазылады;
- Авторлардың аты -жөні, жұмыс (оқу) орны, қаласы, елі (курсивпен жол әріптермен) жазылады;
-
ID Orcid қою керек
- Мақаланың тақырыбы (7–12 сөз) үлкен әріптермен (мақала тілінде) ортада жазылады;
- Аңдатпа 100 сөзден кем емес, 300 сөзден артық емес, түйін сөздер (5-10 сөз аралығы) тақырыпқа сәйкес (мақала тілінде)
- Осыдан кейін 2,4,5 пункттер қазақ, орыс, ағылышын тілдерінде
- Мақаланың құрылымы IMRAD талаптарына сәйкес болуы керек:
- Кіріспе (мәселенің өзектілігі, даму деңгейі, әдебиеттерге шолу,зерттеудің мақсаты мен маңыздылығы)
- Негізгі ережелер (зерттеудің негізгі идеялары мен нәтижелерін қысқаша көрсету 3-5 тармақтан тұрады)
- Материалдар мен әдістер (пайдаланылған әдістердің, әдістемелердің, материалдардың сипаттамасы, зерттеу әдістемесі)
- Нәтижелер (орындалған жұмыс нәтижелері, кестелер, графиктер, иллюстрациялар және деректер жиынтығына сілтемелер (деректер жиынтығы).
- Талқылау (зерттеу нәтижесінде алынған деректерді түсіндіру және нәтижелерді басқа ғалымдардың тәжірибесімен салыстыру).
- (Нәтижелер және оларды талқылауды бірге беруге болады)
- Қорытынды (келтірілген тұжырымдарды қайталамай, мақала бөлімдерінің қысқаша қорытындалу )
- Алғыс білдіру (Автор, әріптестеріне көмегі үшін ризашылығын, зерттеуді қаржылай қолдағаны үшін алғысын білдіреді)
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында стандартқа сәйкес рәсімделуі тиісті ГОСТ 7.1:2003 (үлгі берілген) және 10 кем емес дереккөздер енгізу қажет және 20 артық болмауы керек, Web of Science/Scopus тізіміндегі журналдарда жарияланған мақалаларға сілтеме көрсетілуі міндетті. Өзіне сілтеме беру 1-2 әдебиеттен аспауы керек. Әдебиеттер тізімін автоматты түрде нөмірлеуге жол берілмейді. Тиісті дереккөздерге сілтемелер мәтінде аталуына қарай, тік жақшада [1, 15-б.] әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің нөмірі және автор сілтеме жасайтын нормативтік актінің беті не бабы көрсетіле отырып келтіріледі. Автоматты бет сілтемелерін пайдалануға жол берілмейді.
- 8. References (қазақ және орыс тіліндегі мақалалар үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімін латын алфавитінде қайталап жазу міндетті. Ағылшын тіліндегі мақалалар үшін әдебиеттер тізімі түпнұсқа түрінде латын әріпімен беріледі.
МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҮЛГІСІ
МРНТИ 14.35.09
Искакова А.Б.1, Соавторы2 Соавтор1
1Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
г. Алматы, Казахстан
2Международный казахско-турецкий университет Ходжи Ахмеда Ясави,
г. Туркестан, Казахстан
ID Orcid
КОМПЕТЕНТНОСТНЫЙ ПОДХОД В ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПОДГОТОВКЕ УЧИТЕЛЕЙ НАЧАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Аннотация
Текст аннотации на языке публикуемого материала. Объем 100-300 слов (кегль 12)
Ключевые слова: слово/словосочетание; слово/сочетание; и т.д. (кегль 12)
Искакова Ә.Б.1 Бірлескен Авторлар2
1 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан
2 Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
ID Orcid
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МҰҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТӘСІЛ
Аңдатпа
Жарияланатын материал тілінде аңдатпа мәтіні. Көлемі 100-300 сөз (кегль 12)
Түйін сөздер: сөз / сөз тіркесі; сөз / тіркес; т. б. (кегль 12)
Iskakova A B. 1, Co-Authors2
1Kazakh National Pedagogical University named after Abai,
Almaty, Kazakhstan
2The International Kazakh-Turkish University of Khoja Ahmed Yasawi, Turkestan, Kazakhstan
ID Orcid
COMPETENCE-BASED APPROACH IN THE PROFESSIONAL TRAINING OF PRIMARY EDUCATION TEACHERS
Abstract
The text of the abstract in the language of the published material. Volume of 100-200 words (size 12)
Keywords: word/phrase; word/combination; etc. (size 12)
Үлгі: Referenсes (кегль 12)
1.Aksartov R.M.,Aizikov M.I.,Rasulova S.A. Metod kolithestvennogo opredelenuia leukomiznina//Vestnik KazNU,Ser.him.-2003.-T.1.-S.40-41
Мақаланың соңында "Біздің авторлар" бөліміне енгізу үшін мәліметтер көрсетіледі
(Үлгіні төменде қараңыз)
Искакова Алия Болатовна – кандидат педагогических наук, профессор, Казахский национальный педагогический университет имени Абая, aliya_iskakova@mail.ru
Искакова Әлия Болатқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, aliya_iskakova@mail.ru
Iskakova Aliya Bolatovna– Candidate of Pedagogical Sciences, professor, Kazakh National Pedagogical University named after Abai, aliya_iskakova@mail.ru
Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған жағдайда редакция қолжазбаны қабылдамады