Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ: БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Жарияланған March 2022

320

333

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақала қазіргі ақпараттық ғасырда әлемдік деңгейде жылдан -жылға кең құлаш жайып,   қарқынды жылдамдықпен дамып келе жатқан цифрландыру үдерісіне арналған. Соның ішінде педагогтардың цифрлық құзыреттілік  деңгейінің  бүгінгі жағдайын қарастырған. Бүгінгі COVID-19 пандемиясы кезеңінде цифрлық технологиясының білім беру жүйесіндегі ролі оның орасан зор дидактикалық мүмкіндіктеріне негізделеді.  Оған қазіргі таңдағы білім беру процесінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесімен және оқу процесінің үздіксіздігін сақтауға мүмкіндік беруімен дәлел бола алады. Авторлар зерттеу тақырыбына қатысты алыс, жақын шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарына жан-жақты талдау жасап, өзіндік  ой қорытындысын, тұжырым жасаған. Бұл бағытта цифрлық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның өмірдің барлық салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сыни таңдау негізінде сенімді, қауіпсіз және тиімді қолдануға мүмкіндік беретін қабілеттілік деп анықтамасын нақтылайды. Сондай-ақ цифрлық құзыреттілік өлшемдерін айқындап (эмоционалды-еріктік, әлеуметтік медиақарым-қатынас, танымдық, әрекеттік, рефлексивті-бағалау),  оларға сипаттама берген. Теориялық, эмперикалық зерттеу әдістерін пайдалану негізінде  республика көлемінде 122 педагогтарды қамтып, офлайн және онлайн түріндегі жұмыс түрлерін біріктірген зерттеу жұмысы ұсынылған. Зерттеу тәжірибесі нәтижелері негізінде цифрлы экономика жағдайындағы қоғам сұранысына ие, өзекті мәселелерді көтеріп,  оны шешу жолдары ашылып,қорытынды тұжырым жасалған.                

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сардарова Ж.И., Жұмашева Н.С., Мусагалиева Г.Б. , . 2022. ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ: БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2022), 157–167. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.16.