Мақалада ғылыми дереккөздердің негізінде «құзырет», «құзыреттілік», «корпоративтік
құзыреттілігі» ұғымдарына отандық және шетелдік авторлардың берген анықтамалары бойынша
талдау жасалынған. Қазіргі кезде болашақ мамандарда корпоративтік құзыреттілікті
қалыптастырудың маңыздылығы қарқынды талқылануда. Болашақ мамандардың корпоративтік
құзыреттілігін қалыптастыру - білім беру саласында жұмыс істейтін болашақ маманның ұжыммен
қатысымға түсу, корпоративтік мәдениетті сақтау мен құндылыққа бағдарлануын қамтамасыз етеді.
Тәуелсіз білім беру мекемелерінің мамандарының арасындағы бәсекелестіктің, біліктілігі мен білімін
анықтау құралы ретінде кұзыреттілік негізгі көрсеткіш болып табылады.. Өйткені білімді құзыретті
маман қоғам дамуында шешуші рөл атқарады. Корпоративтік құзыреттілік маманның корпоративтік
мәдениетінің дамуына, оның болашақ әріптестермен өзара тиімді әрекеттесуіне және кәсиби
тұрғыдан шыңдалуына себепші болады. Бұл мақалада корпоративтік құзыреттілік ұғымының
қалыптасу генезисі сонымен қатар, корпоративтік мәдениеттің көп деңгейлі иерархиялық жүйесі
келтірілген. Болашақ маманның корпоративтік құзыреттілігінің қалыптастыру компоненттеріне
сипаттама беріліп, корытынды бөлімде негізгі ұғымға авторлық анықтама ұсынылған
«КОРПОРАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» ҰҒЫМЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ
Жарияланған August 2020
101
151
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Р. К.Төлеубекова , Талпакова М. Ж., Т.Р. 2020. «КОРПОРАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» ҰҒЫМЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 30–34. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.05.