Мақалада, қазіргі жағдайда бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру жүйесін педагогикалық тұрғыдан қарастырып, олардың адами - рухани құндылықтарды меңгеру мен игеруіндегі ұйымдастырылатын педагогикалық үдерісте тәрбие барыстарын ұлттық тәлім-тәрбиелік мұралар негізінде жүзеге асырудың мәселелері қарастырлған. Сондай-ақ бастауыштағы берілетін тәрбие жұмыстарын адами-ізгіліктік бағытта болуын және оны жүзеге асырушы кәсіби бастауыш сынып мұғалімін даярлау бағыттарында да ұлттық рухани құндылықтар жайындағы білімдерінің ауқымды болуы жайында авторлар өзіндік пікірін білдіреді. Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесінде ұлттық рухани құндылықтарын дамыту мәселесі арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдерістің басым бағыты болып, олардың адами-ізгіліктік мазмұнын анықтаумен және оқу-тәрбие жұмыстарының жас және сыныптық ерекшеліктеріне бағытты ұйымдастырудың қажеттілігі оның келешекте жеке тұлға болып қалыптасуымен дамуының негізі ретінде қарастырылып, айтылады. Оқушының жеке тұлғалық болмысындағы адами-рухани құндылықтар жайындағы көзқарасының қалыптасуы әрекеттерінің ізгілікті беретін қасиеттер мазмұнын, олардың бағытын тәрбие мақсатымен сәйкестендіру жайында пікірлер түйінделеді.
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ МҰРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУҒА ДАЯРЛАУ
Жарияланған March 2022
368
204
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ыбыраимжанов К.Т., Бекбаева М.Ф., Радченко Н.Н., . 2022. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ МҰРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУҒА ДАЯРЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2022), 118–131. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.12.