Зерттеудің мақсаты: болашақ педагог-психологтардың кәсіби ұтқырлығын дамыту мәселесінің теориялық - әдіснамалық негіздеріне талдау жасап, мәселенің шешудің практикалық жолдарын ұсыну.
Зерттеу әдістері: қарастырылатын мәселе бойынша ғылыми және тәжірибелік еңбектерді талдау, жинақтау, эмпирикалық әдістер, эксперимент.
Бұл мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістеріне оңтайлы және жедел жауап бере алатын кәсіби ұтқырлық қасиеттері дамыған мамандардың қажет екендігі қарастырылған. Осыған байланысты авторлар жоғарғы білім беру жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби ұтқырлығын дамытуда теориялық дайындық пен тәжірибе арасында байланыстардың жоқтығы қазіргі кезеңде шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бар екендігіне назар аударады.
Зерттеу мәселесіне байланысты студенттерден сауалнама алынып, соның нәтижесінде «кәсіби ұтқырлық» ұғымына қатысты алғашқы түсінік деңгейлері анықталады. Авторлар жүйелік тәсіл арқылы «ұтқырлық», «кәсіби ұтқырлық» және оның негізгі сапалары туралы әр түрлі ғалымдар саласындағы ойларға контекстік талдаулар жасап, ғылыми тұжырымдар береді. Сонымен қатар, кәсіби ұтқырлықты кәсіби білім, кәсіби құзыреттілік, креативтілік, өзгергіштік, бейімделу және белсенділік сияқты жеке (құндылық-семантикалық) және кәсіби қасиеттерді (құзыреттер) біріктіретін кәсіби және жеке сапа ретіндегі мазмұнын анықтайды.
Мақалада Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» мамандығының студенттерінен алынған сауалнама нәтижелері келтіріледі.