Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АНДРАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛ МЕН ҚАҒИДАЛАР

Жарияланған August 2020

118

189

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті
Аңдатпа

Білім беру философиясы әлемдік қауымдастықтың дамуын анықтайтын жаһандану үдерістері
негізінде қалыптасады. Үздіксіз білім беру, білім беру саласының барлық объективті өзгерістерін
және әр түрлі ғылымның жетістіктерін ескере отырып, адамның өз өмірінде рөлін түсінуде осы
қоғамдастықтағы тиімді іс-әрекет үшін маңызды шарт болып табылады. Бұл мақалада үздіксіз білім
беру жүйесіндегі андрагогикалық тәсілдер мен қағидаларды пайдаланудың өзектілігі қарастырылады.
Бұл қазіргі заман жағдайында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесіне қойылатын жаңа
талаптарға негізделген, білім берудің мақсаты мен тәжірибесі озық сипатқа ие болғанда, жоғары
білікті мамандарды даярлауға бағдарланады. Андрагогиялық қағидалар үздіксіз білім беру жүйесінде
білім берушілер мен білім алушыларды оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекетті анықтайды
(білім алушыларды өз бетінше оқытудың басымдық қағидалары; білім алушының өз оқу үдерісін
ұйымдастыру бойынша білім берушілермен бірлескен іс-әрекеті; білім беру көздерінің бірі ретінде
қолданылатын білім алушының тәжірибесіне сүйену; оқытуды дараландыру; оқыту жүйелілігі; оқыту мәнмәтіндігі; оқу нәтижелерін өзектендіру; оқытудың элективтік болуы; білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін дамыту; оқытудың саналы болуы). Болашақта үздіксіз білім беру жүйесінде андрагогиялық тәсілдер мен қағидаларды пайдалану андрагогиялық модельді әзірлеу мен енгізуді, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалануды, андрагог мамандарды дайындауды болжайды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жалгасова А.А. , Койшигулова Л.Е. , Жубангалиева Г.Г., Ж.А. 2020. ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АНДРАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛ МЕН ҚАҒИДАЛАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Сер 2020), 25–30. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.04.