Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлігін жан-жақты дамытуда мультимедианың маңызды орын алатыны қарастырылып, ондағы білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығы туралы сөз болады. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің мультимедиялық технологияларды өз тәжірибелерінде оңтайлы пайдалану қажеттілігі заман сұранысына ие болғандықтан, оны білім беру саласында дұрыс ұйымдастыра алуына міндеті айқындалған. Сол үшін ақпараттық технологияларды тәрбиешінің өзі толық меңгеріп, балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлендіріп үйретудің жолдары мен әдістері сараланады.
Мультимедианы оқу үрдісіне ендіру барысында тәрбиеші-педагогтың рөлі мен оған қойылатын талаптары сөз болады. Сондай-ақ, мультимедиалық технологиялық маңыздылығы оның эмоционалдық әсерінде, эстетикалық көркемдігінде, тәлім – тәрбиелік күш – қуатында болатындығы айтылады.
Мектепке дейінгі білім берудегі жаңа тәсілдер мен технологияларды дамыту мәселелеріндегі өзектілік сөз болады. Мультимедиалық технологиялармен орындалатын тапсырмалар жүйесі топтастырлып, оны шешу жолдары көрсетілген. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің оқыту үдерісін жетілдіруде мультимедиалық технологияларды пайдаланудың артықшылығы мен өлшемдері нақтыланып, жұмыс істеудің тиімді факторлары қарастырылған.
Интернет-ресурстарды пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие процесін ақпараттандыратын, қызығушылығын арттыратын, ақпаратты меңгеруге мүмкіндік беретіндігі туралы дәлелмен келтіріліп, тәрбиешінің балаларды оқуға деген ынтасын арттыруға көмектесетіндігі баяндалады. Сонымен қатар, оқу үрдісін жетілдіруде мультимедиалық технологияларды тиімді пайдаланғанда ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік болатындығы айқындалады. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту үдерісін жетілдіруде мультимедиалық технологияларды пайдаланудың анықталған шарттары сөз болады.