Бұл мақаласында болашақ педагог-психологтардың көшбасшылық сапаларын қалыптастырудың
педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Көшбасшылық сапаларға
қойылатын талаптар болашақ мамандарға кәсіби іс-әрекетті нәтижелі жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін тұлғалық қасиеттерінің жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі жағдайда болашақ маман
кәсіби білім, шеберлік пен дағдыға ғана емес, сонымен қатар практикалық іс-әрекеттерде өзінің
шығармашылық әлеуетін табысты іске асыруға мүмкіндік беретін көшбасшылық сапалардың белгілі
бір жиынтығына ие болуы тиіс. Болашақ педагог-психологтардың көшбасшылық сапаларын
қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері рефлексия қабілеттерінің дамуымен,
адамдарға оң (жағымды) әсер етуімен, қоғамға белсенді және жауапты қарым-қатынасының
дамуымен анықталады. Болашақ педагог-психологтар ретінде жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде
студенттердің көшбасшылық сапаларын дамытудың психологиялық ерекшеліктері жеке тұлғаны
әлеуметтендіру және бейімдеу ерекшеліктері, өзіндік сана-сезімді дамыту, кәсіби іс-әрекеттің өзіндік
өзгешелігі, студенттер мен оқытушылардың өзара әрекеттесуі, сонымен бірге студенттердің топішілік
өзара әрекеттестігі болып табылады. Көшбасшылық сапаларды дамытудың педагогикалық
ерекшеліктері оқу үрдісінде мақсатқа талпынушылық, батылдық, дербестік, жауапкершілік,
эмоциялық тұрақтылық, мобильділік, коммуникабельділік сияқты қасиеттерді көрсету болып
табылады.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ САПАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған March 2020
99
129
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
көшбасшы, көшбасшылық, сапа, көшбасшылық сапалар, психологиялықпедагогикалық ерекшеліктер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Л.Е.Қойшығұлова , А.Кисамеденова , . 2020. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ САПАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 1, 64 (Бер 2020), 147–151. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.26.