Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

the МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ

Жарияланған March 2022

223

254

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университет
Аңдатпа

Мақалада  мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен отбасының өзара әрекеттестігі негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастырудағы педагогикалық модель (үлгі)  туралы  айтылады. Осы  педагогикалық  модельдеудің негізінде үлкен әлеуметтік сұрақтың жауабы жатыр. Ұсынылып  отырған  педагогикалық модельдің мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру үшін педагогикалық жағдай жасау. Балаларды қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен тиімді таныстырудың қажетті шарты осы мәселені шешуде ата-аналармен әрекеттестік бірден-бір тиімді жүйе болып табылады. Қауіпсіз өмірдің білім беру кеңістігін модельдеу оқытудың жүйелік, мәдени, экологиялық, белсенділік және тұлғалық-бағдарлы тәсілдерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі уақытта отбасында және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша зерттеулер өзекті болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарындағы өмір қауіпсіздігі саласында балалардың өмірлік тәжірибесін дамытуға көңіл бөлінеді, бірақ нені және қаншалықты оқыту керектігі туралы ортақ түсінік те,  жинақталған педагогикалық тәжірибені жүйелеу де жоқ. Мектеп  жасына  дейінгі балалардың мінез-құлқын дұрыс әрі  жүйелі  қалыптастыруда ата-аналар мен педагогтардың қызметін анықтау үшін  зерттеулер қажеттілігі  туындады.  

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бельгибаева Г.К., Жұмкенова Ә.Д., . 2022. the МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2022), 213–226. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.22.