Авторлардың назары өзінің өнімдерінің бірі нарратив болып табылатын көпдеңгейлі күрделі процесс ретінде контекстке негізделген оқытудағы кәсіби-маңызды құзыреттіліктерге қатысты мәселелерге тоқтатылады. Эксперименттің жетекші идеясы - нарративтік (баяндау) құзіреттілігін қалыптастыру - болашақ шет тілі мұғалімдерінің контекстке негізделген және когнитивті-коммуникативті іс - әрекеттердегі нарративтік құзыреттіліктің кезең – кезеңімен қалыптастырудың мақсатты, әдістеме арқылы басқарылатын процесі, және мұнда контекст — басқарудың негізгі механизмі болып табылады. Контекст "жағдай" ұғымымен байланысты, ол ұғым іс-әрекетке итермелейтін және оның қызметіне делдал болатын жағдайлар жүйесі ретінде анықталады. Зерттеу мақсатында авторлар контекстті А. А. Залевская жасаған ішкі және сыртқы контекст тұжырымдамасы аясында қарастырады. Болашақ кәсіби қызмет пен жағдайдың контексті нарративті қалыптастырудағы басқару механизмі екенін дәлелдеуге әрекет жасалады. Таным мен қарым-қатынас процесінде когнитивті, перцептивті және аффективті ақпаратты өндеу нәтижесі ретінде, сыртқы контекст (жағдайдың контексті) ішкі контекстімен (білім мен тәжірибе) өзара әрекеттесу кезінде жетекші компонент ретінде әрекет етеді.
БОЛАШАҚ ШЕТ ТІЛДЕР МҰҒАЛІМДЕРДІҢ НАРРАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ
Жарияланған March 2022
181
112
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
нарратив
нарративтік құзыреттілік
контекст
жағдай
контекстке негізделген оқыту
когнитивті-коммуникативтік қызмет
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Пентина Е.О., Кузнецова Т.Д., . 2022. БОЛАШАҚ ШЕТ ТІЛДЕР МҰҒАЛІМДЕРДІҢ НАРРАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 2, 73 (Бер 2022), 141–150. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.14.