Мақалада қазіргі маманға қойылатын талап бейімделімді көшбасшылық қасиеттер мен
сапалардың болу қажеттілігі қарастырылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы болашақ
мамандарда аталған феноменнің дұрыс қалыптаспауының себептері көрсетіледі. Ең маңыздысы –
болашақ мамандардың бейімделімді көшбасшылығының қасиеттері мен сапасын тәрбиелеу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға дайын еместігі қарастырылады. Кадрларды даярлаудың дәстүрлі
ақпараттық-пәндік (желілік) жүйесі контексінде бейімделімді көшбасшылықтың қасиеттерін дамыту
мүмкін еместігіне назар аударылған. ХХІ ғасырдың сұраныстары жағдайында бейімделген көшбасшы
болу – бұл заманауи маман үшін қалыпты жағдай. Студенттердің бейімделімді көшбасшылығын
қалыптастыруда синергетикалық тәсілдің рөлі мен маңызы ашылады
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛІМДІ КӨШБАСШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған June 2021
94
153
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
К.К.Жампеисова, Б. А.Киясова, А.С.Косшыгулова, К.Б.А.А. 2021. БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛІМДІ КӨШБАСШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 66, 2 (Чер 2021), 7–14. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5496.01.