Мақалада әлемдік желi арқылы бiлiм беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн жалпы білім беретін мектептерде жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиалық құралдарды пайдаланудың жолдары баяндалады. Оқу-тәрбие процесінде мультимедиалық технологияларды пайдалану оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын арттырып қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастырады. Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамытуда оқушыларда сурет, графика өнімдерін дайындау, анимация жасау, дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу сияқты дағдалары қалыптасады.
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру барысында ғаламтор мүмкіндіктері мен әлеуметтік желідегі бағдарламаларын қолдану маңызды болып табылады. Интернет көмегімен мәтін, дауыс, бейне түріндегі байланыс орнататын желі Zoom, meet платормаларын қолдану оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырады.
Педагогикалық процесте мультимедиалық технологияларды ұтымды қолдану оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, сөйлеу мәдениеттерін жетілдіреді.